Арынов Мерхат Айдарович » Рақышұлы атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Рақышұлы атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 35-2-16
Есепші бөлімі:
+7(72831) 35-0-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2022

Арынов Мерхат Айдарович

Өмірбаян

     Мен, Арынов Мерхат Айдарович 1968 жылы 27 қыркүйекте  Алматы облысы Панфилов ауданы Алтыүй ауылында   дүниеге келдім. 1976 жылы Лесновка орта мектебінің 1 сыныбына   қабылданып, 1986 жылы аталған мектепті бітірдім.

1986-1988 жылдар аралығында Кеңес   Одағының  Қарулы күштері қатарында  әскери борышымды өтедім.Әскери атағым – аға сержант.

1988-1992 жылдары «Октябрьдің 40  жылдығы» колхоз- агрофирмасында құрылысшы болып жұмыс істедім.1992 -1995 жылдары Алматы қаласындағы Қазақтың дене тәрбиесі  мен спорт институтында оқыдым.1996-1999 жылдары  жеке шаруа қожалығында жұмыс жасадым.

2000 жылы Алматы облысы Панфилов ауданы Нағарашы ауылындағы орта мектепке дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қабылдандым. 2003 жылы Алғашқы әскери  дайындық  пәнінің мұғалімі  болып ауыстым.

2003-2005 жылдар аралығында Абай атындағы қазақтың Ұлттық педагогикалық университетінің Алғашқы Әскери дайындық Факультетінде оқыдым. 2006 жылдан 2011 жылға дейін аталған мектепте директордың тәрбие жұмысы  жөніндегі орынбасары болып қызмет атқардым.

2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы Панфилов ауданы Лесновка ауылы «Д. Рақышұлы атындағы орта  мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып қызмет атқарып келемін. Отбасым бар, 1 қыз, 2 ұлым, 2 немерем бар.