1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ 2023 жыл » Рақышұлы атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Рақышұлы атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 35-2-16
Есепші бөлімі:
+7(72831) 35-0-86
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ 2023 жыл
03
апрель
2023

1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ 2023 жыл

1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ 2023 ЖЫЛДЫҢ 1 СӘУІРДЕН БАСТАЛАДЫ

1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ EGOV.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

2023 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылады.

Ата-аналарға порталдың «Білім» бөлімінен «Орта білім» бөліміне өту қажет. Ары қарай «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдап, қажетті құжаттарды қоса жолдай отырып өтініш беру жеткілікті. 

Бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін қабылданады.

Бастауыш білімнің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:

• Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);

• Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

• Денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт);

• 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

• 3*4 2 фотосурет.